Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық отырысы

Date: 2013-11-15 09:07:34
Экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық отырысы

2013 жылғы  12 қараша күні Қазтұтыну одағының  Павлодар экономикалық колледжісінде

экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық секцияның отырысы өтті.

Тақырыбы: Оқу үрдісінің тиімділігін жоғарылату жолдары.

Мақсаты:Инновациялық технологияларды қолданумен білім беру үрдісінің  тиімділігін жоғарылату бойынша экономикалық пәндер оқытушыларының жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Қатысушылар: колледждердің экономикалық пәндер оқытушылары

Бағдарлама:  

Колледж директоры З.Ә.Дощанова отырыс қатысушыларын  құрметтеп, «Ұлттық валютаның  20 жылдығымен» құттықтап, қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

«Экономикалық пәндер» ЦК төрағасы Г.М.Әндіржанова «Білікті кәсіпқой маманды дайындап шығару мақсатымен және тәжірибелік оқудың ролін күшейту үшін, дуалды оқуды енгізу жолымен білімділік процессті жетілдіру » бекітілген әдістемелік мәселе бойынша колледж және ЦК жетістіктері мен жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Экономикалық пәндер оқытушысы Ж.І.Дощанова «Ұлттық валютаға 20 жылына» арналған кәсіби шара өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты: Студентердің  болашақ мамандығына қызығушылқтарын арттыру, таңдаңан мамандықтың маңыздылығын анықтау, қазіргі заманға  сай  ұлттық валюта рөлінің мінездемесі.

«Қазіргі замандағы валютаның пайда болуы» атты қызықты презентация ұсынылды.Шара қатысушылары мен студенттер  ҚР ұлттық валютаның барлық кезеңдерімен танысты.

Шараға колледж түлектері  «Альянс банк»АҚ –ның несие беру маманы Дюсембеков Асхат және бухгалтер Қапанова Ботагөз  қатысты. Өздерінің жұмыс тәжірибесімен алмасып қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ҚР қаржы жүйесіндегі жұмыстың  ерекшеліктерімен бөлісті.

Кәсіби шараның қорытындысы викторина түрінде өтті. Арнайы пәндер оқытушысы Л.А.Сысоева ақша жүйесіне байланысты түрлі сұрақтар дайындады. Шараның барлық қатысушылары бұл викторинаға қызығып қатысты.Жеңімпаздар сертификатпен марапатталды.

Студенттер Л.А.Сысоеваның басшылығымен «Қаржы» өленің  орындады.«Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мақсатында оқушылардың белсенділік тәсілдері мен формаларын қолдану» тақырыбы бойынша «Табысқа 10 қадам» атты тренинг өткізді. Шараның қатысушылары бұл тренингке   Г.М.Әндіржанова мен О.И.Макарованың озық педагогикалық жұмыс тәжірибелерін талдап қорытты. Бұл жұмыстың қорытындысы қатысушылардың бизнес-ойлары болды.Оқытушылар оқушылардың жаңа белсенділік формаларын талқылап, өз жқмыстарымен бөлісіп,  Г.М.Әндіржанова мен О.И.Макарованың жқмыстарына  өте жақсы  пікір мен жоғары баға берді.

 

 

Оқытушы О.В.Дуреева  «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша жоғары кәсіби-педагогикалық деңгейде ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: «Мүлікті түгендеу». Сабақтың әдістемесі арнайы пәндерді оқытудығы қазіргі заман талабына  сай жаңа технологияларға  сәйкес келетінін атап өтті.Сабақ жоғары бағаланып қатысушылардың жағымды әсерін алды.