«Жастар таңдауы – есірткісіз болашақ»

Дата: 2014-01-29 09:26:34
«Жастар таңдауы – есірткісіз болашақ»

       Бүгінгі таңда біздің қоғамымыз үшін қайғы-қасіреті мол дерттердің бірі ретінде нашақорлықты атап өтуге болады. Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен мәселердің бірі. Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік климатты өзгертуге қол жеткізу керек, оның ішінде нашақорлық – бұл әлеуметтік қолайсыздық белгісі екені де даусыз. Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі –жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. Нашақорлық- ол қоғам дерті.

     Қазіргі кезде елімізде  ұрпақтарымыздың  өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған  кеселдің бірі-нашақорлық. Ұлтымызды алаңдатып, адамдарды кісілік қасиеттерден  айыратын ажал  дертке қарсы күрес отбасынан, оқу орындарынан және әр азаматтың өз жүрек түбінен шығуы тиіс.

     Жасөспірімдер жақсыға да, жаманға да тез еліктегіш, сондықтан бүгінгі тәрбие жұмысы осы қатерлі дерт туралы, одан сақтану, алдын алу шараларының  бірі.

Осындай мәселеге орай Павлодар экономикалық колледжінде жыл сайын 5 желтоқсанда «Нашақорлық пен есірткіге  қарсы күрес» атты шаралар өткізілуде. Өткізілген шараның басты мақсаты- есірткі қолдану адамды аздыратындығы, оның денсаулыққа зияны туралы студенттердің есірткі қолдануға мүлде болмайтындығы туралы тереңірек түсінік беру, студенттердің ой пікірін ортаға салу, бір-біріне сын, ескертпе айтуға үйрету. Аталмыш шараға I курс студенттері белсене қатысып, білімдерін толықтыруда. Өткізілген шараларды қорытындылай келе, біздің колледж студенттері «Салауатты өмірді қолдайды». Оқудан тыс уақытта студенттеріміз колледж ішінде немесе басқа қалалық спорт үйірмелеріне қатысуда.

«Біз салауатты өмір сүреміз»- атты ұстанымды жылдан жылға I курс студенттері қалыптастырып келеді.

 

 

 

Біздің ортақ міндетіміз- есірткісіз болашақ құру. Осы мақсатта біз әрбір  оқушы мен студент үшін күресуіміз керек. Біз елімізді нашақорлықтан тазарту үшін ұмтылуымыз қажет.

Ұлт денсаулығы- ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі!

Қазтұтыну одағы Павлодар экономикалық колледжі

Байтыманова А. Ж.  химия, биология, ЖҚТБ пәнінің оқытушысы

Автор: Колледж