Салт дәстүр

Date: 2014-03-31 07:14:26
Салт дәстүр

Салт дәстүр

2014 жылғы 20 наурызда  Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінде  «Наурыз-мейрамын» мерекелеу аясында 1-2 курс оқушылары үшін ұлттық салт-дәстүрлері мен тағамдардың тұсау кесері ұйымдастырылды.

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам.

Наурыз — әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді.

Оқушылар күні бұрын дайындаған  презентацияларын,  көбінесе назарларын қазақ халқының дәстүрлерін сақтауға бөлді, үй жиһаздарына сәндік-қолданбалы өнерді және тұрмыс-салт заттарын пайдаланды. Дәстүр бойынша қонақтарға бесбармақ, наурыз көже, қымыз, бауырсақ, самса, қоспа, талқан сияқты тамақтар ұсынылды. Ән айтылды, би биледі, бір-біріне жақсы тілектер айтылды, бата берілді.