Синтездік жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік

Дата: 2014-04-03 03:55:05
Синтездік жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік

«Синтездік жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік» 

2014 жылдың 28 наурызында Павлодар экономикалық колледжінде 1 курстың 0201000 «Құқықтану» мамандығының 1-06Юк тобында «Химия» пәнінен «Синтездік жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік»  тақырыбына ашық сабақ өткізілді.

Сабақта қолданылған әдістер :

алған білімдерінің негіздері бойынша– өзара байланыс-көрнекілік-тәжірибелік, тапсырмаларды орындау және сапалы кешенді талдау әдісі,

танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша- жартылай-ізденіс. Ақпараттық технологияларды тиімді қолданып «Шыршаны безеңдіру», «Себетке жұлдызша жинау», «Тамшыларды жинау», «Тиісті орнын тап» атты ойын элементтері  сабақта орын алды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өзектендіру

      

III.Жаңа ақпаратты қабылдауды және түсінуді ұйымдастыру, негізгі білімді меңгеру.

IV. Жаңа мәліметтерді бекіту

        

V. Үй тапсырмасы

VI. Сабақта оқылғанды жинақтау және оларды алдында игерілген білім  жүйесіне еңгізу.

VII. Сабақты қорытындылау

Химия сабағының, әрі  «Синтездік жоғары молекулалы қосылыстар» тақырыбы оқушылырдың кәсіби бағытына маңызы зор екендігі аталып өтті. Оқушылардың сабақ соңындағы  түйіні: химиядан алған білім мен білікті адам іс- әрекетінде пайдаланылатын химиялық заттармен жұмыс істегенде қолдана білу.

              

Жоспар орындалып, сабақ өз мақсатына толығымен жетті.

Әдіскер Акжолова С.Б.

Автор: Колледж