«STOPҚылмыс» - «STOPқұқық бұзушылық»

Date: 2014-05-21 09:58:50
«STOPҚылмыс» - «STOPқұқық бұзушылық»

«STOPҚылмыс» - «STOPқұқық бұзушылық»

Құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік деңгейін көтеру және жас қазақстандықтардың құқықтық танымдарын арттыру, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру және «Нұр Отан» партиясының  «STOPҚылмыс»-«STOPқұқық бұзушылық»республикалық жобасы шеңберінде бүкіл халықты қоғамдық тәртіпті қолдау бойынша әрекеттерге жұмылдыру мақсатында, Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күресу департаменті (қаржы полициясы), «Жас Отан» ЖҚ және Павлодар облысы бойынша жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма жыл бойы жастар ортасында шаралардың бірқатарын – дәрістер, семинарлар, бейнероликтер мен фильмдерді көрсету, буклеттер тарату, дебаттар, талқылаулар, оқушылар, студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама өткізуді жоспарлап отыр.  

       2014 жылғы 21 мамырда Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күресу департаментінің (қаржы полициясы) аса маңызды істер жөніндегі Аға инспекторы М.К. Сейсенбеков ашық дәріс ұйымдастырып, өткізді. 

Шара барысында оқушыларға «Болашаққа жемқорлықсыз» парақшалары таратылып, жасырын сауалнама өткізілді.