Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының іске асырылу барысы туралы
Date: 2014-06-03 08:59:27
Қазіргі таңда Павлодар облысында 14-тен 29-ға дейінгі жас аралығында 188 063 азамат тұрып жатыр, бұл облыстың жалпы халқынан 25,3 % құрайды.
Бүгінгі күні өңірде жастар саясатын жүзеге асырушы орган «Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ болып табылады. Бұл мекемелердің басты міндеттері: жастар ортасында тұрақтылықты қамтамасыз ету, адами ресурстар сапасын жоғарылату, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және патриоттық тәрбие.
Жастарға қызмет көрсету орталығы 7 бағыт бойынша сервистік көмек көрсетеді. Олар:
- жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу сервисі;
- заңды көмек көрсету сервисі;
- жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету сервисі;
- оқытуға және біліктілікті арттыруға жәрдемдесу сервисі;
- тұрғын-үй мәселелер мен несиелеу мәселелерін шешуде жәрдемдесу сервисі;
- жастардың бос уақытын қамтуда жәрдемдесу сервисі;
- жастар ҮЕҰ мен жас адамдар үшін консалтингтік қызмет көрсету бойынша сервис.
Облыс аумағында 70-тен астам үкіметтік емес жастар ұйымдары тіркелген. Оның ішінде 7-і ауылдық аймақта. Облыстың Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері жанында 16 жастар ұйымы, «Жас Ұлан» облыстық ұйымы белсенді жұмыс жасауда.
Дебаттық (400-ге жуық), КВН-дік (3000), формальді емес (рэперлер, скейтбордисттер, рокерлер, брейкерлер, граффиттер мен т.б.) – 5000-ға жуық, скауттық (200), студенттік (10 000-ға жуық) және волонтерлік қозғалыс (600 адам) аясында іске асырылатын жастар жобалары қызмет етеді.
Сонымен қатар жұмысшы жастар, жас ғалымдар, жас мемлекеттік қызметкерлер Кеңесі жұмыс жасайды.
Биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілетін іс-шараларға жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен 74 546 000 теңге бөлінді.
Биыл «Жасыл ел» және құрылыс жасақтарының қатарына 1 595 адам тарту жоспарланған, ол облыстың оқу орындарының күндізгі бөлімінің 1-3 курс студенттері мен оқушыларының жалпы санынан 10% құрайды.
Жасақтардың жалпы қаржыландыру соммасы 62,0 млн.теңгені (2013 жылы – 39,0) құрайды. Өткен жылғыдай құрылыс отряды сарбаздары бюджеттен 4 800 теңге көлемінде жол ақысы компенсациясын алады.
Ағымдағы жылдың маусым айында Жастарға қызмет көрсету орталығында ТжКБ мекемелерінің, ЖОО түлектері үшін және жұмыспен қамтылмаған жастар үшін бос орын жәрмеңкелері өткізілетін болады.
Жазғы кезеңде, 15 маусымнан 31 тамызға дейін «Арбат» жастар шығармашылығы көрмесі жұмыс жасайтын болады.
Осы айда бірқатар спорттық ойындар өтеді: «Туған жер» авто-мото жүрісі, «Анам, әкем, мен – спорттық жас отбасы», қалалар мен аудандарда көшпелі КВН.
Ағымдағы жылдың шілде айында жастар «Батыр жолы» тарихи жорығына, Май ауданының «Қалмақ қырған жер» тарихи орнына жолға шығады.
Баянауыл ауданында «Жасыбай толқыны» Халықаралық КВН Жазғы Фестивалі және Халықаралық «Жастар көшбасшылар мектебі» өтеді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Өлкетану» туған өлкені зерттеуге және насихаттауға бағытталған фото экспедиция, «Ертіс өзені күні» Фестивалі, сонымен қатар скейтбордисттер, трейсерлер, воркауттер және т.б. ұйымдастырылады.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер Күнін мерекелеу аясында Павлодар облысы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Облыс аудандарында дөңгелек үстелдер, конкурсты – ойындық бағдарламалар, шығармашылық жұмыстар көрмесі, патриоттық акциялар мен концерттік бағдарламалар өткізіледі.
Екібастұз қаласында «Патриот бол!» әлеуметтік бейнероликтер конкурсы, «Ұлтымның ұлттық нышаны» концерттік бағдарламасы өткізілуі жоспарлануда.
Ақсу қаласында «Біздің Жалауымыз, біздің Елтаңбамыз бен әнұранымыз» тақырыбында жастар арасында авторлық өлеңдер конкурсы, қалалық жағажайда жастар би кеші жоспарлануда.
Павлодар ауданының Красноармейка ауылдық округінде «Мәңгілік Ел» жастар форумын өткізу жоспарланды.
Ертіс ауданында орталық алаңда «Менің Отаным Қазақстан» флеш-мобы болады.
4 маусым күні сағат 11.00-де Мемлекеттік рәміздер алаңында әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты шығарып салуы рәсімі өтеді.
Осы күні сағат 12.00-де Павлодар қаласының орталық стадионында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Қазақстаным» патриоттардың облыстық форумы өтеді.
Форум бағдарламасында: «Туған жер» авто-мото кроссы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы туралы бейнесюжет, облыстың барлық қалалары мен аудандары делегацияларының шеруі; еліміздің спорттық, мәдени, білім беру өмірінде жетістіктерге жеткен жас көшбасшылар сәлемдесуі. Сонымен қатар, жаппай жастар флеш-мобы және мерекелік концерті. Форумға барлығы 10 000-ға жуық жас азамат қатысады.