Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Date: 2014-06-26 06:39:42
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Бүгін Павлодарда жұмыссыз жастар мен оқу орындарының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке ұйымдастырушылары қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жастар бастамаларын дамыту орталығы, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы 50 астам кәсіпорындар мен ұйымдарды шақырды.

- Түлектер мен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жастар практикасы немесе әлеуметтік жұмыс орындары бойынша ұйымдастырылады. Егер мамандығы болып, еңбек өтілі болмаған жағдайда жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастыра аламыз. Жұмыс берушілер алты айлық жастар практикасынан кейін жастарды тұрақты жұмысқа қалдырулары да мүмкін. Болашағы бар жастарды жұмысқа алушылардың саны жыл сайын артуда. Қазіргі уақытта жұмыс беруші кәсіпорындардың санй 145 құрайды, - деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова.

Жастармен жұмыс істеу өте қызықты. Олардың білімдері бар болса да, оны дамыту және әрі қарай үйрену қажет екенін біледі, - деп есептейді ТОО “Format Mach Company” ЖШС директорының персонал бойынша орынбасары  Дмитрий Афанасьев.

Карина Ермағамбетова зауытта жұмыс істеуден қорықпағандықтан, өзінің түйіндемесін алюминий зауытына тапсырды. – Мен бұл зауытта тәжірибемді толықтырған едім. Менің мамандығым алюминий өндіруді бақылауды жүзеге асыру болғандықтан, осы зауытта жұмыс істегім келеді. Жұмысқа алады деп үміттенемін,- дейді К. Ермағамбетова.