«Бүгін біз бухгалтерлік есеп туралы айтамыз»

Күні: 2014-10-24 09:22:08
«Бүгін біз бухгалтерлік есеп туралы айтамыз»

«Бүгін біз бухгалтерлік есеп туралы айтамыз»

Павлодар экономикалық  колледжінің оқытушылары  О.В.Дуреева,  Ф.А Бейсекеева, Л.А.Сысоева.

 

Кәсіби мерекелердің бірі қазан айында экономикалық колледжде бухгалтерлер күні аталып өтті. Бұл күні  «Есеп және аудит» мамандығын аяқтаған колледж оқушылары алғыс тілектерімен колледж қабырғасына келіп өздерін оқытқан ұстаздарымен кездесіп өз жетістіктерімен бөлісіп колледжде білім берген ұстаздарын алғыс сөздерімен еске алды. Бұл мерекеге колледждің түлектері бүгінде білікті де білімді мамандар Егошина Татьяна Ивановна колледждің бас бухгалтері,  бухгалтер Шипицына Елена Михайловна, бухгалтер ЖШС «Аккалам» бас бухгалтері Капарова Ботагоз Жумагалиевна, білімді ұстаз бүгінде оқу үрдісін жүргізуші  Филиппова Инесса Анатольевна қатысты.

Өз құттықтау сөзін қазтұтыну одағының бас бухгалтері 44 жыл осы салада еңбек еткен ЖантемироваТурсын Жантемировна, АҚ «Қазақстан  Алюминий» бақылау бөлімінің бастығы Чичаева Ирина Анатольевна  білдірді.

Бухгалтерлер күнін тойлау колледжде өте көңілді және маңызды болып өтті. Мереке студенттер мен ұстаздардың бірігіп  «Бухгалтерлер әнұранын» орындаумен аяқталды. Қазіргі нарықтық заманда бухгалтер мамандығы ең қажетті де маңызды маманықтардың бірі болып саналады, сол себепті колледж қабырғасында білім алу кезеңінде білім, білік, дағдыны ұштастырып болашақ мамандықтың қыры мен сырына қанық болып таңдаған мамандықты сүйіп оқу керектігі жөнінде айтылды.

Автор: Колледж