Интеллектуалды ойын «Менің Қазақстаным»
Интеллектуалды ойын «Менің Қазақстаным»
ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында оқытушылар Кизатова Г.С. және Едылбаева 2-24 Ю, 2-18 Ф топтары арасында «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын өткізді.
Негізгі міндеттері: Оқушылардың бойындағы интеллектуалдық қасиеттерін, еліміздің тарихы туралы білімдерін анықтау және қазақ халқының салт-дәстүрін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылды.
Пайдаланған: ИАТ, ҚР тарихи картасы, ұлы тұлғалардың портреттері, қазақ халқының тұрмыстық заттары, оқулықтар.
Негізгі сатылары
- Командаларын таныстыру
- Капитандар сайысы
- Жарыс «Ақыл сандығы» (сұрақ бойынша сандықтың ішінде жатқан затты табу)
- Блиц-турнир (ҚР тарихы жайында берілген сұрақтарға жауап беру.)
Екі «Алғырлар» және «Отан» командалары арасында оқушылар өздерінің қазақ халқы туралы, сал-дәстүр жайында білімдерін ортаға салды.
Қазылар алқасы қорытынды жасады: Жеңіске жеткен «Отан» командасы, «Ең жақсы капитан» атағын Аубашева Лаура иеленді. Жеңіске жеткендер мақтау грамоталарымен марапатталды, барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыскерлерді жақсы жетістіктерімен құттықтаймыз . Оқуда озат болып жаңа шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілек білдіреміз!
Колледж әдіскері Акжолова С.Б