Интеллектуалды ойын «Менің Қазақстаным»

Date: 2015-01-08 06:00:04
Интеллектуалды ойын  «Менің Қазақстаным»

Интеллектуалды ойын  «Менің Қазақстаным»

ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында  оқытушылар Кизатова Г.С. және  Едылбаева 2-24 Ю, 2-18 Ф топтары арасында «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын өткізді.

Негізгі міндеттері: Оқушылардың бойындағы интеллектуалдық қасиеттерін, еліміздің тарихы туралы білімдерін анықтау  және қазақ халқының салт-дәстүрін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылды.

 

Пайдаланған: ИАТ, ҚР тарихи картасы, ұлы тұлғалардың портреттері, қазақ халқының тұрмыстық заттары, оқулықтар.

Негізгі сатылары

 - Командаларын таныстыру

-  Капитандар сайысы

- Жарыс «Ақыл сандығы» (сұрақ бойынша сандықтың ішінде жатқан затты табу)

- Блиц-турнир (ҚР тарихы жайында берілген сұрақтарға жауап беру.)

Екі «Алғырлар» және «Отан» командалары арасында оқушылар өздерінің қазақ халқы туралы, сал-дәстүр жайында білімдерін ортаға салды.

Қазылар алқасы қорытынды жасады: Жеңіске жеткен «Отан» командасы,  «Ең жақсы капитан» атағын Аубашева Лаура иеленді. Жеңіске жеткендер мақтау  грамоталарымен марапатталды, барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыскерлерді жақсы жетістіктерімен құттықтаймыз . Оқуда озат болып жаңа шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілек білдіреміз!

 

Колледж әдіскері  Акжолова С.Б