Ғылыми-әдістемелік семинар. 15.01.2015 ж. «ТжКО жүйесіндегі оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында ( «Өрлеу» БЖҰО курсы өткізген материалдарғат шолу жасау)

Күні: 2015-01-20 03:24:27
Ғылыми-әдістемелік семинар. 15.01.2015 ж. «ТжКО жүйесіндегі оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында  ( «Өрлеу» БЖҰО курсы өткізген материалдарғат шолу жасау)

Ғылыми-әдістемелік семинар.

15.01.2015 ж. «ТжКО жүйесіндегі оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында  ( «Өрлеу» БЖҰО курсы өткізген материалдарғат шолу жасау)

 Колледж әдіскері Акжолова С.Б. семинардың мақсатымен және міндеттерімен таныстырып өтті. Кәсіби біліктілікті арттыру жоспарымен таныстырды.

1.     Каримова Г.К. «Электрондық оқулық оқушылардың өздік жұмыстарын дағыдаларын қалыптастыруда қажетті құрал» .

Гаухар Каражановна қазіргі таңда сабақ беруде пайдаланатын жаңа технологияларына тоқталып, жаңа білім стандартына көшуге сәйкес тұлғаны дамыту бағытында жұмыс істейтіндігін айтып өз тәжірибесін ортаға салды.  Өз сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланып соның нәтижесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын дамытуда пайдалы екеніне тоқталып өтті. Сонымен қатар жас мамандарға көмек ретінде өз тәжірибесінен сызбалық кестелер мен сызба үлгілерін ұсынды.

2.     Кизатова Г.С. «Жалпы білім беретін пәндерді оқытуда сабақтан тыс уақытта оқушылардың азаматтық сана-сезімдерін қалыптастыру» тақырыбында пайдаланатын өз зерттеу жобасын ортаға салды. Оқушылардың сабақта азаматтық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту үшін зерттеулерін ортаға салып , қолданатын әдістерімен бөлісті.

3.     Едылбаева Б.М. « PISA -   зерттеуі білімді бағалауда өте тиімді құрал»  тақырыбында баяндама оқыды.

Бибигуль Муратовна оқушылардың білім дағдыларын бағалауда халықаралық бағдарлама бойынша бағалауды үйрету тобында жұмыс істеген. Өз баяндамасында PISA жобасының зерттеу анализін деталді түрде талдап көрсетті. PISA жобасы бойынша оқытушыны қашанда алмастырып оқушының жұмысына бағыт беріп, ұйымдастырып және шығармашылығын бағалай алатынын қорытынды ретінде айтып өтті.

4.     Сысоева Л.А.«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру»

 Людмила Алексеевна презентация ретінде оқушылардың сын тұрғысыныан ойлау қабілеттерін сабақта қалай қалыптастыратынын ортаға салды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының  тиімді әдістері мен бүгінгі таңда актуалды екеніне тоқталып өтті.  Оқытушылардың қызығушылығын оятқан  технологияның жобаның тәжірибелік жағы, себебі жаңа сабақты түсіндіру барысында оқушыларға жан-жақты тапсырмалар беріп, сатылай түсіндіру тәсілдерін пайдалануда өте  екеніне тоқталды.Оқытушылар назарына «Экология» тақырыбында құрастырылған бейне-жоба ұсынылды. Өз баяндамасын қорытындылай келе  Людмила Алексеевна  ұстаздар арасында Қара-жорға» әніне тренинг  өткізді.

5.     Дюсембенова Д.Н.«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы»тақырыбында  Дамира Нурлыбековна БЛУМ таксономиясы бойынша білімін ортаға салды . Аталған технология бойынша Дамира Нурлыбековна ПКҰӨ әдіскерімен қосыла отырып жасаған жаңа сабақ жоспарын ортаға салды. Педагогикалық тәжірибесінің ең негізгі сатысы жаңа технологиялар бойынша сабақ беру екендігіне тоқталып, өз атына көптеген жақсы лебіздер мен тілектерді естіді. «Өрлеу» әдіскері жобаға жақсы баға берді.

 

колледж әдіскері Акжолова С. Б.

Автор: Колледж