«Кәсіби және арнайы орта білім беру саласындағы инновациялық технологиялар ».

Күні: 2015-02-02 03:17:27
«Кәсіби және арнайы орта білім беру саласындағы инновациялық технологиялар ».

«Кәсіби және арнайы орта білім беру саласындағы инновациялық технологиялар ».

Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес Қазтұтыну одағы колледжінде оқытушыларға арналған семинар өтті. Семинарды ұйымдастырып өткізген колледж әдіскері Акжолова С.Б. және п.ғ.к.  ИнЕУ доцент Семенова Л.А.

семинардың мақсаты:

  заманауи технологияларға шолу жасау

  білім жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану арқылы оқытушы мен оқушының арасындағы педагогикалық ортаны қамтамасыз етуі.

міндеттері:

   «Заманауи педагогикалық технологиялар» терминдеріне түсінік беру;

  Заманауи педагогикалық технология түрлерімен таныстыру;

 Заманауи педагогикалық технологиялардың ерекшеліктерін қарастыру ;

      Семенова Л.А. жаңа технологиялармен таныстырып, сабаққа дайындық барысында қандай нарселерге көңіл бөлу керектігіне тоқталып өтті. Л.А.Семенованың баяндамасы маңызды және терең мағыналы болды. Семинарға қатысушылар топтарға бөлініп өз топтарында сабақты ұйымдастыру кезеңдерін құрастырып қызу талқыға салды.  Бұл семинар оқытушылардың сабақ беру барысында пайдаланатын әдістері мен тәсілдерін өзгертіп, жаңа педагогикалық жетістіктерге жетуге және өз жұмыстарына шығармашылықпен қарастыруына жаңа леп әкелді. Оқытушылар оннан астам жаңа педагогикалық технологияларен танысып, интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін үйреніп, сын тұрғысынан ойлау технологиясымен танысты. 

         Топтарда шығармашылық жұмыстар өткізілді.

          27 оқытушы семинарда өз біліктілігін арттырып нәтижесінде сертификат иеленді.

Әдіскер: Акжолова С.Б.

Автор: Колледж