«Құқықтану» мамандығы бойынша оқу тәжірибесі
«Құқықтану» мамандығы бойынша оқу тәжірибесі
Арнайы оқу бағдарламасының деңгейі бойынша орта арнайы білімі бар маман өзінің мамандығы бойынша арнайы құзыреттерді меңгеруі қажет:
- азаматтық-процесуалдық құжаттарды құрастыра білу және азаматтық-құқықтық келісім шарттарды құра білу:
- материалдық жауапкершілікке тарту құжаттарын жасай білуге;
- құқықтық құжаттарды заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасай білуге;
- қызмет түрлерін көрсетуде және орындауда жұмыс түрлерін жетілдіруде;
- кәсіби мәдениетті сақтауға;
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау мақсатында ПЭКК колледжінде 3,4 курстарында оқу тәжірибесі өткізіледі.
«Құқықтану» мамандығының 3 курс оқушылары 3-23Ю, 3-05 Юк топтарында колледжбен келісім шартқа отырған әлеуметтік серіктестер мекемелерінде оқу тәжірибесінен өтті: Павлодар қаласының Оңтүстік бөлімі, Павлодар облысының құқық юстициясында. Тәжірибе өту барысында оқушылар құжаттармен танысып қана қоймай, жауапкершілік,тәртіп сақтау қасиеттерін үйреніп, мемлекеттік тілде іс жүргізу, нормативтік-құқықтық құжаттарды үйренумен қатар, тергеу құқұық органдарының жұмысымен, ішкі ережелерімен жүйелерімен танысып қызмет түрімен таныстық.
Гордова Н.С. құқықтану пәнінің оқытушысы.