« Кәсіпорында нәтижелі өткен өндірістік тәжірибе – бухгалтер маманын дайындауда маңызды»
«Кәсіпорында нәтижелі өткен өндірістік тәжірибе – бухгалтер маманын дайындауда маңызды»
Болашақ маманды дайындауда кәсіби тәжірибеден өту кезеңін ұйымдастыру өте маңызды үдеріс болып саналады.
Кәсіби тәжірибе мамандық бойынша оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде бекітіп бухгалтерлік есеп жүргізу және халықаралық және ұлттық стандарт негізінде қаржылық есептерді жасауға үйретеді.
Кәсіби тәжірибе әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынассыз өтуі мүмкін емес. Тәжірибе өту орындарымен колледж арасында келісімшарт жасалады.
Кәсіби тәжірибені ұйымдастыруда біздің колледжде дуалдық оқытудың эленементтері оқу жүйесіне енгізілуде.
Дуалдық оқытудың тәжірибелік түрі заманауи қалыпта күннен-күнге даму үстінде. Білім жүйесінің нарық жүйесімен қатынасы заманауи білімнің негізгі бөлігі деп атауға болады.
Жоғарыда айтылған дуалдық оқытудың негізін есепке ала отырып, Павлодар экономикалық колледжінде дуалдық оқыту жүйесінің элементтері кәсіби тәжірибені ұйымдастыру кезеңінде колледждің әлеуметтік серіктестерімен жеке бағдарлама арқылы енгізілген.
0518000 «Есеп және аудит» мамандығының оқу үдерісінің кестесіне сәйкес 3 курс оқушыларының оқу тәжірибелері Павлодар облысының кәсіпкерлерінің даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған орындарда өтілуде.
2014 жылдың 10 - 23 қараша арлығында оқушылар келесі кәсіпорындарында тәжірибеден өтті: Павлодар облысының РФ АҚ кәсіпкерлерді дамыту «Даму» қоры, Павлодар облысының тауар сату және туризмді дамыту ММ Кәсіпкерлер басқармасы, Павлодар қаласындағы бюджеттік мекемелер, коммерциялық фирмалар, ММ жұмыспен қамту бөлімдерінде өндірістік тәжірибеден өтті.
Тәжірибе өту барысында оқушылар ҚР нормативтік құжаттарымен танысып, кәсіпорындардың жұмыс жүйелерімен, бағдарламаларымен танысты.
2014 жылдың 14 - 28 желтоқсан аралығында оқушылар өндірістік тәжірибеге жіберілді, бухгалтерлік есеп жасауды үйреніп түрлі учаскелерде бағдарламаға сәйкес бухгалтерлердің жұмыстарын орындап тәжірибе алды. Тәжірибенің екінші сатысы бұл кәсіпорындарында 2015 жылдың 25 сәуірден 07 маусым айында аяқталады. Кәсіпорындармен жасалған келісім шарттары екі немесе үш жақты жасалып, кейбір оқушылар өз тәжірибелерін ары қарай сол кәсіпорындарына жұмысқа қабылдану арқылы жалғастыратын болады.
Тәжірибе барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін дәлелдеп, өз болашақ мамандығының қыр-сырын танып, жауапкершілікті сезінді.
Тәжірибе жетекшісі ретінде оқушылардың тәжірибе өту барысында алған тәжірибелері мен қызығушылығын ортаға салуын жөн көрдім.
Хайдар Айтжамал
Тәжірибені Павлодар қаласының ММ «Әлеуметтік бағдарламамен және қамту бөлімінде» өттім. Топтан үш оқушы өттік. Біздің жұмысымыз бойынша екертулер болмады. Бухгалтерлік есептер жасап ақпараттық бағдарламалармен танысып, өзіме көптеген тәжірибе алдым. Тәжірибеден өтетін орнының жарғысымен, құжаттарымен танысып, кіріс және шығыс ордерлерін толтырып, еңбекақы бойынша ведомостарды жасадым. Кәсіпорын қызметкерлері бізге құрметпен қарап, көмектесуге тырысты, ал біз өз тарапымыздан ол кісілердің сенімін ақтауға тырыстық.
Половникова Вероника
Тәжірибені Павлодар қаласының ММ «Әлеуметтік бағдарлама және қамту бөлімінде» өттім. Тәжірибе өту барысында өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысып, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкердің бейнесін жасап, берілген жұмыстардың барлығын аса жауапкершілікпен орындап отырдым. Өзімнің тәжірибе өту барысындағы жасаған жұмысым үшінмені болашақта сол мекемеге жұмысқа шақыруда. Мен өз болашақ мамандығымның қыр-сырын танып болашақта жақсы маман болатыныма сенімдімін.
Коспанова Еркеш
Тәжірибені Павлодар қаласының ММ «Әлеуметтік бағдарлама және қамту бөлімінде» өттім. Тәжірибе өту барысында жаупкершілікті сезіндім. Толық жұмыс күні жұмыс істеу алғашқыда қиын болғанымен,болашақ мамандықтың жауапты және өте маңыздылығын түсіндім. Өзімнің курстық жобама және тәжірибе есебі бойынша материал жинақтап, өзіме көп нарсе алдым деп ойлаймын. Бухгалтерлік құжаттар мен «1 С Бухгалтерия» бағдарламсымен жұмыс жасауды үйрендім.
Каркошкина Ангелина
Оқу тәжірибесін ММ «Павлодар облысының кәсіпкерлер және сауда-саттық туризм» басқармасында өттім». Біз тәжірибеден үш оқушы болып өттік. Топтағы ең үлкені, мен болдым. Біздің жетекшіміз Каирбаева Маржан Маратовна бодды ол кісі біздің жұмысымызды қадағалап, әрдайым бағыт беріп отырды. Мен бұл бөлімде ұйымдастыру құқықтық жұмыстармен танысып, мемлекеттік тілде іс жүргізуді үйрендім. «Жол картасы» арқылы берілетін құжаттарды жүйелеп, орта және шағын бизнеске берілетін несие түрлерімен таныстым. Үздік кәсіпкерлерді марапаттау іс-шарасына ат салысып ұйымдастыру шараларына көмектестік. Құжаттарды архивке тапсырып, жүйелеп, көп нәрсенә үйрендім. Тәжірибе өтуден алған әсеріміз мол.
Садулаева Айза
Өндірістік тәжірибені отбасылық бизнес кәсіпорынында ИП «Садулаев» өттіім, оқуды аяқтаған соң осы орында бухгалтер қызметін атқарамын деп ойлаймын. Жұмыс істеу барысында факспен жұмыс істеуді үйрендім, бухгалтерлік «1 С Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс жасауды үйрендім. Болашақ отбасылық бизнесті дамытуда алған білімдерін көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Каирбекова Рымжан.
Тәжірибе өту барысында өз білімім мен білігімді бағалап,білмегенімді үйреніп жаңа ұжымда жаңа білім, жаңа көзқараспен өзіме көп білім алдым. Тәжірибе өту барысында жаңа ұжымда өзімді қалай ұстауды, жаңа құжаттармен танысып, жаңа кәсіби шеберліктерге үйрендім. Кәсіпорындағы құжаттармен жақын танысып, өзіме көптеген жаңа нәрселерді үйрендім
Кабардаева Ульяна
Павлодар облысының «Даму» ҰЗФ өттім. Мен несиелеу бөлімінде жинақталған құжаттармен жұмыс істеу мүмкіншілігі болды. Жұмыс барысында өзіме көптеген жаңа әсерлер алдым. Несиелеуде қажетті құжаттарды танысып, кәсіпорынның ерекшелігімен мүмкіншіліктерімен таныстым. Өз жұмысыма ұқыптылықпен қарап жақсы пікір алдым.
Сералинова Фариза.
Өндірістік тәжірибемді Ақсу қ. МКМК « Балдырған» бала-бақшасында бас бухгалтердің қарамағында өттім. Бас бухгалтер мениң анам болса да жұмыс барысында аса қатаңдықпен жауапкершілікпен берілген жұмыстарды талап етіп отырды. Мен жұмыс барысында ведоместерді толтырып, шот фактураларды толтырып, көптеген бухгалтерлік құжаттармен таныстым. Болашақта аталған мекемеде жұмыс істейтін ойым бар.
Симдянкина Ирина
Оқу тәжірибесін ТПФ ТОО «Акоба» мекемесінде өттім. Тәжірибе өту арқасында бухгалтерлік жұмыстың қыр-сырымен жақын танысып, құжаттарды толтыруды үйрендім. Бухгалтериядағы қызметкерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, маған сенім артты. Сол себепті мен өз тарапымнан ол кісілерге деген ризашылығым шексіз. Тәжірибе маған ұнады, болашақта мен өз мамандығымда алған тәжірибемді пайдаланамын деп ойлаймын. Бұл мамандық менің болашағым.
Ахатаев Адильхан
Тәжірибені мен ЖББМ № 1 және №30 мектептерде өттим. Бухгалтерияда маған жұмыс орнымен жұмыс бағдарламаларымен таныстым. Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап жетекшілерімнен жақсы пікір алдым.
Тәжірибе жетекшісі: Сысоева Л. А., экономикалық пәндер оқытушысы