«Қазақ хандығының 550-жылдығына арналады …»
«Қазақ хандығының 550-жылдығына арналады …»
2015 жылы 18 сәуірде Павлодарского қазтұтыну одағы экономикалық колледжінде әлеуметтік экономикалық пәндер оқытушыларының облыстық семинары өткізілді. ӘБ төрағасы Мищенко О.В. және колледж оқытушысы Кизатова Г.С. колледж оқушылары мен оқытушыларына арналған қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дөңгелек үстөл ұйымдастырды: Тақырыбы «Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі.
Қарастырылған сұрақтар тақырыбы:
1) Жанібекжәне Керей ханның қазақ хандарынан бөлініп шығуы және жаңа хандықтың құрылуы ;
2) Есім хан, Касым хан, Тауке хандардың заңдары;
3) Кенесары Касымов және оның тәуелсіздік жолындағы күресі;
4) Алаш Орда, Каз.АССР, Каз.ССР, тәуелсіз Қазақстан.
Семинарға 19 оқытушы 44 студент қатысты. Өз кезектерінде сөз алушылар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне тоқталып , қазіргі заманауи саясатпен ұштастырды.
Медициналық колледжінің оқытушылары Адирисова Гульмира Какеновна және бизнес колледжінің оқытушысы Камшебаева Гульнар Жаскайратовна оқушыларға танымды және маңызды ақпарат берді. Оқушылар арасында Б. Ахметов колледжінің оқушылары, музыкалық колледж, Павлодар экономикалық колледжінің оқушылары және гуманитарлық-педагогикалық колледждің оқушылары белсенділік танытты.
Павлодар облысының Мәдениет басқару бөлімінің м.а. - Кельдыбеков Манат Бейсенұлы –оқытушылар мен оқушылардың жұмысына жоғары баға берді. Семинардың қорытынды бөлімінде жақсы жетістіктерге жеткен қатысушылар марапатталды. Болашақта жоғары жеңістерге жетуіне тілек білдіреміз!
Павлодар экономикалық колледжінің
қоғамдық пәндер оқытушысы Кизатова Г.С.