1 қыркүйек – «Білім күні»
1 қыркүйек – «Білім күні»
Білім күні – барлық оқу орындары оқушыларының дәстүрлі мерекесі.
Жаңа 2015-2016 оқу жылында Павлодар экономикалық колледжінде Білім күні аса маңызды деңгейде өтті. Себебі барлық топтарда Қазақстан Республикасының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған бірыңғай білім сабақтары өткізілді. Бейбітшілік және келісім сабағының тақырыбы: «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр». Сабақтың мақсаты – қазақстандың патриотизмді қалыптастыру, толеранттылық, этникааралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, қоршаған орта жайлы түсініктерін кеңейту, оқушылардың қазіргі заманғы Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.
Барлық студенттер мен колледж ұжымын жаңа 2015-2016 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!
Тәрбие ісінің меңгерушісі Акпарова Г.Е.