«Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі»

Date: 2015-09-29 05:28:17
«Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі»

«Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі»

Дүниежүзінде көптеген тілдер бар, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Тілдің маңыздылығы, рөлі - тілдің иеленушісіне, оның білімділігіне және ықыласына тәуелді. Ең бастысы иеленушінің тілге деген махаббаты және құрметі. Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі біздің қоғамда жақсы дәстүр ретінде бекітілуге үлгерді. Жыл сайын мереке кеңінен тойлануда.

Қазақстан республикасы халқы тілдер мерекесі аясында тіл оқытушылары Жауынгерлік Данқ музейіне «П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасының Тілдерді дамыту Басқармасы және ақпараттық-библиографиялық бөлімі» үйымдастырған концертіне экскурсия ұйымдастырды.

Одан басқа тіл оқытушылары халықтар достығына арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты мемлекеттік, орыс тілі және ағылшын тіліндегі көркем әдеби-музыкалық композицияны дайындады. Өткізілген шараның мақсаты: көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, рухани бірлікке және отаншылдыққа сый және құрмет көрсету.

Ашық тәрбие сағаттың барлық қатысушылары лайықты сөз сөйлеп, жастардың мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндердің саны үлкейгенін дәлелдеді. Себебі Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы білім жүйесін ағымдағы Концепцияны орындау барысында дамыту және үштілділікті ұстану сөзсіз алға басқан айтарлықтай қадам. Негізгі концепцияның бірі еуразиялық көп мәдениеттілік және коммуникативтілік.

 

Оқытушы: Далабаева Г.А.