«Эрудиты ПЭКК» интеллектуалды ойыны

Күні: 2015-10-23 10:18:38
«Эрудиты ПЭКК» интеллектуалды ойыны

«Эрудиты ПЭКК» интеллектуалды ойыны

 

Біздің Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінде  1 курс студенттері арасында жалпы білім пәндері бойынша «Эрудиты ПЭКК» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Тапсырмалар физика, география, химия, математика, тарих, орыс әдебиті, астрономия пәндері бойынша әзірленді.

Тапсырмалар арасында тақырыптық, танымдық үзілістер ұйымдастырылды. Ойын қатысушылардың ақыл-ойын, пәнге деген қызығушылықтарын дамытады, қалыпты емес жағдайлардан тез және дұрыс шешім табуға үйретеді, дұрыс сөйлеуге, ойларын сөзбен дұрыс жеткізуге дағдыландырады. Жеңіс үшін 4 топ күреске түсті.

Интеллектуалды ойын 4 кезеңдерден тұрды:

Интеллектуальная игра состояла из 4 этапов:

1 кезең«Бәйге»

2 кезең«Полиглот»

3 кезең«Даналық сандықшасы»

4 кезең«Көкпар».

         Әр кезеңнің сұрақтары қызықты, әрі қиын болды. Оқушылар тапсырмаларды жақсы орындады, жауаптары нақты және сенімді болды.

         Сайыс өте қызықты және танымды өтті, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

 

Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы: А.Ш.Шушпаева

 

Автор: Колледж