Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің мерейтойы
Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің мерейтойы
2015 жылдың 13-ші қарашасында колледжіміздің қабырғасында Қазтұтыну Одағы Павлодар экономикалық колледжінің 40-жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өткізілді.
Мұндай ерекше күнмен бізді Қазтұтыну Одағын басқару төрағасының бірінші орынбасары Д.С.Куренкеев, Облыстық тұтыну Одағы, Қазтұтыну Одағының Қазақстан бойынша колледждер директорлары (Семей, Астана, Шымкент, Қостанай, Арқалық), Қазтұтыну Одағы Қарағанды экономикалық университетінің филиалы, еңбек ардагерлері құттықтауға келді. Сонымен бірге Облыстық Маслихат, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, Павлодар облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Павлодар облысы колледждерінің директорлары және біздің әлеуметтік серіктестеріміз: ЖШС «Глория-Фарм», ЖК «Павлодарский партнер», ЖШС «Крендель», АҚ «Роса», Құқықтық инспекция, Ревизиялық комиссия, АҚ «Цеснабанк», ЖШС «Акоба» , Банк РБК, ЖШС «Торговая база», ЖШС «White Gates», ЖШС «Атриум», АҚ «Қазпошта» өздерінің құттықтауларын білдіріп жатты.
Қонақтарды колледжіміздің студенттері қарсы алды. Оқытушылар мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Жетістіктеріміз көбейе берсін, болашағымыз жарқын болсын. Сіздерге мерекелік көңіл күй, денсаулық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Мемлекетіміз көркейе берсін!
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Акпарова Г.Е.