Сабақ берудің инновациялық әдістері.

Күні: 2015-12-14 09:43:36
Сабақ берудің инновациялық әдістері.

Сабақ берудің инновациялық әдістері.

 

Инновация элементтері қолданылған «Информатика» пәнінен ашық сабағы 1-20Ф тобында өтті. Бұл сабақта қойылған барлық міндеттер жүзеге асырылды. Оқушылар толығымен белсенділік, жаңа тақырыпқа және жаңа ақпаратқа деген қызығушылық танытты. Ақпаратпен өздігінен жұмыс жасау қабілеттерін және өз көз қарастарын айтуды көрсете білді. 

Сабақ келесі схема бойынша басталды: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындық, өткен материалды сұрау. Бірақ жаңа сабақты оқи бастаған кезде аудиторияға оқушы тап беріп, оқу үрдісін бұзып жіберді. Бұл «Компьютерлік вирустар, вирустар қорғану шаралары, антивирустық бағдарламалар» тақырыбын өтуде алдын ала ойластырылған бөлім еді. Перделенген көрініс сабақ іс-әрекетіне мотивация болды. Оқушылар қандай тақырып өтетіндерін өздері біліп қойды. 

Тақырыпты терең түсініп, меңгеру үшін сабақта оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары қолданылды: проектор, презентация, видеороликтер. Сабақтағы инновациялық элементерінің бірі болып тікелей видео онлайн байланыс болды. Сабақ ортасында skype бағдарламасы көмегімен «ЭКСИ ПВ» компьютерлік және көшіру техникасын сату орталығының сервистік бөлімінің бас маманы Денис Прошинмен тікелей видеобайланыс орнатылды. Оқушылар компьютерлерді вирустық бағдарламалардан алдын алу бойынша негізгі кеңестер берген орталықтың маманын аса қызығушылықпен тындады. Содан басқа оқушылар маманға өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды. 

Сабақ тақырыбын бекітуінде оқушылар компьютерлік тест сұрақтарына жауап берді, нәтижелері жақсы шықты. Инновацияның бір элементі сабақ соңында қолданылды. Оқушылар өздерінің ұялы телефондарын қолдана отырып WhatsApp қосымшасы арқылы өздеріне смайликтер жіберді. Нәтижесінде сабақ меңгеріліп және барлықтарына ұнаған смайликтердің саны белгілі болды. 

Жалпы сабақ жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, оқушылар максималды түрде жаңа тақырыптың меңгеруіне көңіл аударды. Оқушылар сабаққа жауапкершілік, қызығушылық танытты, өзіндік жұмыс атқаруын және тәртіпліктерін көрсетті.

Арнайы пәндер мұғалімі Шойтынов Д.Р.

Автор: Колледж