Қаржыгер күні
19 қарашада «Ұлттық ақша бірлігінің құрылуы және дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қаржы саласының қызметкерлері шақырылды.
Оқушылардың алдында теңге ауысуының тікелей қатысушысы болған «Альянс Банк» АҚ ПФ-ның бас бухгелтері Айман Шыңғысұлы Тоқтабаева сөз сөйледі.
Ол банктің құрылу тарихы және оның құрылымы, алдағы даму мақсаттары, банк рейтингі туралы әңгімеледі. Өз сөзінде А.Ш. Тоқтабаева болашақ мамандар еңбекке орналасқан кезде банктің оларға қоятын талаптарына да тоқталып кетті.
«КМФ» шағын несие ұйымының топ менеджері Е.Қ. Сәрсенов көп қызық нәрселер айтты. Ерғанат Қабенұлы компания туралы, оның статусы, миссиялары, көрсететін қызметтер, артықшылықтары, принциптері мен жетістіктері туралы айтып кетті.
«КМФ» шағын несие ұйымының менеджері Ш.Ж. Әлжанов студенттерді жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып, оқушыларды өндірістік тәжірибешіліктен өтуге шақырды.
Оқушылар сұрақтар қойды. Нақты жауаптар алды. Кездесу өте жақсы өтті.