Заңгерлер күні

Date: 2013-01-11 04:57:09
Заңгерлер күні

 

 


2012 жылдың 25 желтоқсанында  Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжінде  заңгерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Заңгер мамандығының тартымдылығының бір қыры - алған білімді мемлекеттік басқарудың әр аясында, ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болатындығы. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әрдайым қажет қызметкер және жәрдемші. Заңгер мамандығының тартымдылығы зор және шынайы. Білікті заңгерлер жоғары интеллектуалдылық, ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани, байлық сыйлайды.

 

Бүгінгі таңдағы нақты еңбек нарығындағы жағдай бойынша заңгер жұмыс істей алатын қоғам аялары анықталған. Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурор қызметі, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда, құрылыс пен риелторлық қызметте пайда болады.

Колледже өткізілген  заңгер күні мерекесі бірнеше сатыдан тұрды. Олар: тақырып бойынша үздік сурет сайысы (плакаттар сайысы), үзілістер кезінде оқылған радиодәрістер, «Менің мамандығым заңгер» тақырыбындағы слайдтарға баға беру, «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы, сонымен қатар, 2012 жылдың 26 желтоқсанда  үшінші курс топтарының «Азаматтық құқық» пәнінен курстық жұмыстары қорғалды  және мамандық бойынша әдебиеттер, ғылыми және шығармашылық  жұмыстар көрмесі ұсынылды.

Мерекелік іс-шараның  қонақтары ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі Павлодар облысының антипонополиялық инспекциясының басшысының орынбасары  П.П. Баданин және ҚР бәсекелестікті қорғау агентігі Павлодар облысының антипонополиялық инспекциясының бас маманы Б.З. Сарсенов болды.

«Мамандығы бойынша үздік» сайысы  «Құқықтану» мамандығының 1-3 курс  топтарының аралығында өткізілді (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

Сайысқа қатысушылар: Смагулова Динара 3-03Юк, Килибаева Камиля 2-22Ю, Мусин Адиль 1-23Ю, Алданов Оразхан 2-04Юк, Калымова Асия 3-21 Ю, Турарбекова Жанерке 1-05Юк.

Сайыс  үш тапсырмалардан тұрды: визитка (өзін таныстыру), жеке тапсырмалар мен үй жұмысы «Болашақта мен...»

Сайыстың жеңімпаздары: 1 орын-Калымова Асия, 2 орын- Смагулова Динара, 3 орын-Килибава Камиля.