«Қазақстан халықтарының тілдер күні»
Date: 2013-01-18 07:46:06
2012 жылғы 20 қыркүйекте Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінің акты залында «Қазақстан халықтарының тілдер күнін» мерекелеуге орайластырылған мәдени-ұжымдық шара өтті.
Осы шарада «Қазақстанда тұратын халықтар» тақырыбына тұсаукесер әзірлеген, бірінші курс студенттері белсене қатысты.Конкурстың мәні әр топқа слайд-тұсаукесер форматында баяндама, музыкалық номер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аймағында тұратын бір халықтың ұлттық тағамын дайындау болып табылды.Бұл тапсырманы балалар «үздік» орындады. Шара қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға мақтау грамоталары берілді.
Кожахметов Н.С.