«Халықаралық Қыздар күні»

Date: 2018-10-16 12:24:45
«Халықаралық Қыздар күні»

«Халықаралық Қыздар күні»

 

2018 жылдың 4 қазанынан 13 қазанына дейін Халықаралық Қыздар күніне арналған Республикалық онкүндіктің шеңберінде колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді. 1-2 курс топтарыны4 сынып жетекшілері «Халықаралық Қыздар күнін» өткізді.

Колледждің жұмыс жоспарына сәйкес, колледждің психологы - Исинбаева К.К. бірінші курс студенттерімен «Гендерлік қатынастар» психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты - ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және ұжымда өзара қарым-қатынас құру.

№3 қалалық емхананың жасөспірім гинекологы М.Т. Рахимованың қатысуымен акт залында 1-2 курстардағы қыздар үшін «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында дәріс және бейнематериал ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Колледждің маңыздылығы студенттердің құқықтық тәрбиесіне байланысты. Полиция инспекторы Ю.Е. Сундетовамен кездесу өтті.

Апта «Қанекей, қыздар» спортпен аяқталды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Д.К. Нургажинов және А.М. Манат 1-курс студенттері арасында эстафета ұйымдастырды.