Кітапхана-рухани жаңғыру ошағы

Күні: 2019-03-11 14:41:39
Кітапхана-рухани жаңғыру ошағы

Кітапхана-рухани жаңғыру ошағы

1-11Юк, 2-09Фк топтарының студенттері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Л.Б. Нурмагамбетованың жетекшілігімен Орталық балалар кітапханасына Абайтанушы және танымал қоғам қайраткері Даниял Асеновпен кездесуге барып келді. Кітапхана қонағы Қыз Жібек жырын жатқа мәнерлеп оқыды. Адамның бойындағы рухани байлықтың көзі – кітап. Кітапхана – автор мен оқырман арасындағы алтын көпір дегендей студенттер Қыз Жібек жырын тамсана да, сүйсіне тыңдады. Кездесу соңында Даниял Асенов ағамызға студенттер ризашылығын білдірді.  

 

 

Автор: Колледж