«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мейрамына орай 19.03.2019ж

Date: 2019-04-09 09:26:01
«Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мейрамына орай 19.03.2019ж

     «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мейрамына орай 19.03.2019ж   Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Д.К.Нургажинов пен қоғамдық пәндердің оқытушысы Д.Н.Дюсембенованың ұйымдастыруымен студенттер арасында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан сайыс өтті.       

        Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны.

        Сайыстың мақсаты: оқушыларға халқымыздың ұлттық спорт ойынын үйрете отырып дүние танымын кеңейту,ой-өрісін дамытуға ықпал ету,

белсенділігі мен қызығушылығын арттыру,ежелден келе жатқан ұлттық ойынды қастерлеуге және жалғастыруға тәрбиелеу болып табылады. Сайыс тартымды және қызықты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша І-орынға  2-09Фк тобының оқушысы Сағындық Сәрсенбек, ІІ – орынға 1-11Юк тобының оқушысы Кайриденова Аяулым және ІІІ орынға 1-30Ю тобының оқушысы Агвай Мадияр ие болды. Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

 

Автор:Д.Н.Дюсембенова