Павлодар жоғары экономикалық колледжінде наурыздың 11-нен бастап наурыздың 20-на дейін «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» мейрамы аталып өтті.

Date: 2019-04-09 09:27:12
 Павлодар жоғары экономикалық колледжінде наурыздың 11-нен бастап наурыздың 20-на дейін  «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»  мейрамы аталып өтті.

Павлодар жоғары экономикалық колледжінде наурыздың 11-нен бастап наурыздың 20-на дейін  «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»  мейрамы аталып өтті.

 

Колледжде «Шаңырақ» жобасының аясында «киіз үй»  бойынша көрме-конкурсы болды. Кокурс «Ең үздік ұлттық киіз үй», «Киіз үйдің ең үздік жасақтары»  және  «Ең креативтік киіз үй» номинациялары бойынша бағаланды. Конкурсқа 1-2 және 3 курстың топтары белсене қатысты. «Ең үздік ұлттық киіз үй» номинациясы бойынша  1-19П тобы,  «Киіз үйдің ең үздік жасақтары»  номинациясы бойынша 2-81М тобы, «Ең креативтік киіз үй» номинациясы бойынша  1-11Юк  тобы мадақтамалармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

 

Сонымен қатар кітапханашы Б.Н. Жұманованың  ұйымдастыруымен кітапханада «Наурыз-думан!» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Наурыз-көктем мерекесі» тақырыбына радиолекциялар айтылды. 

 

Наурыздың 12 күні колледждегі барлық топтардың сынып жетекшілері «Ұлыстың  Ұлы күні-әз Наурыз!» сынып сағаттарын өткізді.

 

Дәл осы Наурыз мейрамы күндері қайырымдылық акцияларын өткізу және мұқтаждарға көмек көрсету орынды болып есептеледі. 13 наурызда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Наурызбаева мен оқытушы Б.Б.Жакубаеваның ұйымдастыруымен колледжде қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге белсене қатысқандары үшін І орынға 28-М тобы, ІІ орынға 2-10Юк, 3-09Юк топтары, ІІІ орынға 1-11Юк тобы иеленді. Олар мадақтамалармен марапатталды.

 

 Әрі қарай 14 наурызда  орыс тілі пәндерінің оқытушысы Л.Т. Батырханованың ұйымдастыруымен «Наурыз-думан!» тақырыбында  шығармалар сайысы өткізілді.  Сайыс нәтижесі бойынша 1-20П тобының оқушысы Біржан Ділназдың, 1-МП3 тобының оқушылары Можгина Екатеринаның, Гельм Регинаның және Иманахмет Маликаның жұмыстары үздік деп танылып, мадақтамалармен марапатталды.

 

15 наурызда  оқытушы  А.Ж.Байтыманованың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттерінің қатысуымен  «Қара жорға» флэшмобы  өз жалғасын тапты.

 

 Наурыздың 19 жұлдызында оқытушылар  Д.К.Нургажинов пен Д.Н.Дюсембенованың ұйымдастыруымен студенттер арасында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан сайысы өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша І-орынға  2-09Фк тобының оқушысы Сағындық Сәрсенбек, ІІ – орынға 1-11Юк тобының оқушысы Кайриденова Аяулым және ІІІ орынға 1-30Ю тобының оқушысы Агвай Мадияр ие болды, олар да  мадақтамалармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

 

 

Жоғарыда аталған шараларды қорытындылайтын 20-наурыз күні «Наурыз аруы-2019» қыз сыны байқауы өтті.  Байқау     «Таныстыру», «Ұлттық  киім» үлгісі, «Қыз еркем, қылығымен көркем»  шығармашылық өнерін көрсету, «Ұлттық тағам» дайындау,  «Білгенге маржан»  сұрақ-жауап  сияқты кезеңдерден тұрды. Байқауға қатысушылар өз өнерлерін аямай ортаға салды. Байқау өте қызықты және әділ түрде өтті.  Байқаудың қорытындысы  бойынша  І-орынға  2-29Ю тобының оқушысы Жантемирова Дана, ІІ орынға 1-МП4 тобының оқушысы Тулеубай Махаббат және  ІІІ орынға  2-09 Фк тобының оқушысы Айгазина Айнагүл ие болды. Олар мадақтамалармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.  Қалған арулар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»  мейрамы құтты болсын!

 

Автор: Д.Н.Дюсембенова