Күлк күніне орай сатирик ақынның кеші

Күні: 2019-04-09 08:29:19
Күлк күніне орай сатирик ақынның кеші

Күлк күніне орай сатирик ақынның кеші

01.04.2019 күні 1-11Юк тобының оқушыларымен Бұқар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде өңірімізге белгілі сатирик ақын, «JEBE» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Алпысбай Хонждың шығармашылық кешіне қатыстық.

Ақын өзінің «Сарыарқа самалы» газетінде «Көңілашар» айдарын жүргізгендігі сатира саласында қалам тербеуге септігін тигізгенін айтады.

Кеш барысында Алпысбай Хонж сатиралық бағытта жазылған алғашқы «Трамвайдағы традегия» атты өлеңімен қатар жастарға арналған бірнеше туындысын паш етті. Ақынның айтуынша, қазіргі кезде сатира бағытында жазушылар қатары сиреген.

 

 

Кеш өте қызықты өтті. Оқушылар «күлкі күнінің» қалай пайда болғанын және қай елдерде қалай атылынып өтетіні туралы білді,ақынның әңгімелері мен өлеңдерін сүйсіне отырып, тыңдады. Сонымен қатар кешке С.Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПУ, Б.Ахметов атындағы колледждің студенттері мен шығармашыл жастар қатысты.

Автор: Д.Н.Дюсембенова

Автор: Колледж