Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасындағы V облыстық көптілділік олимпиадасы

Date: 2019-06-03 14:51:49
Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасындағы V облыстық көптілділік олимпиадасы

Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасындағы V облыстық көптілділік олимпиадасы

 

Білім беру басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 31 мамырында Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі базасында Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында V облыстық көптілді олимпиада өткізілді.

Мәдени жобаны іске асыру мақсатында теориялық білімді терең меңгеруге және оларды кәсіби және оқу қызметінде іс жүзінде қолдануға жәрдемдесу тілдердің үштұғырлығы және ТжКБ ұйымдарында көптілді білім беру бағдарламасын іске асыру олимпиаданың негізгі мақсаты болып табылады

Олимпиада екі кезеңде өткізілді:

1.       Техникалық білім беретін оқу орындарының студенттері үшін:

2.       Тіл мамандықтары бар оқу орындарының студенттері үшін:

Бірінші кезең: тыңдалым, лексика-грамматикалық тест, шығарма.

Екінші кезеңде белгілі бір тақырыптар бойынша ауызша әңгімелесу өтті.

Байқауға барлығы 40 студент қатысты.

Олимпиадаға қатысушыларды келесі құрамнан тұратын  қазылар алқалары әділ бағалады:

-Павлодар облысының Білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі- Иманшарипова Айнур Жумабаевна

-Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының тренері, пед. ғылымдарының магистрі, аға оқытушы- Эртисхан Оморгуль

- С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың америка бұрышы бағдарламасының үйлестірушісі, гум. ғылымдарының магистрі- Сульбаев Тимур Кабдоллаевич.

Байқау аяқталғаннан кейін қазылар алқасы бірауыздан шешім қабылдады және жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

          Техникалық білім беретін оқу орындарының студенттері арасында

  

Барлық жүлдегерлерге Білім беру басқармасының дипломдары салтанатты түрде табыс етілді. Бес номинация бойынша студенттер арнайы дипломдармен және жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.