Чернобыль атом электр станция¬сын¬дағы апатқа сәуірдің 26-сы кү¬ні 35 жыл толады
Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа сәуірдің 26-сы күні 35 жыл толады. Осыған байланысты колледжде, 1 курс оқушыларының арасында оқытушылар Д.Н.Дюсембенова және Б.М.Едылбаева видеофильм көрсетті.
Видеофильмнің мақсаты: Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Чернобыль апаты келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр. «Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда», — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.