Облыстық қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің отырысы
2013 ж. 29 наурызында колледжде «Қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс жүргізу пәндерін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі» атты тақырыбында облыстық қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Жоспар бойынша отырысты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы К.Қ.Кайруллина бастап, сөз қозғады.
Г.Е.Махметова «Қазақ тілін үйретудегі ұтымды бір жолы- жаңа технология арқылы оқыту» тақырыбына баяндама жасады.
Г.Е.Махметова, Н.Н.Безрукова «Кәсіптік қазақ тілі» және «Кәсіптік ағылшын тілі» пәндерінен «Ұлттық теңге» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
А.Н.Альжанова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінен «Хаттама (бір топ сағатының және тәрбие сағатының қысқартылған және толық хаттама нысанын әзірлеу)» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Г.У.Карабаева «Армысың, Наурыз!» атты тәрбие сағатын дәстүрлі түрде, сахнада көрініс ретінде көрсетті.
Отырыстың соңында пікір алмасу облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы К.З.Қасым сөз сөйлеп, тілектірін білдірді.