« Мен кәсіби маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.

Күні: 2022-06-02 09:30:10
« Мен кәсіби маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.

30.05.22 ж. Қазтұтынуодағының жоғары Павлодар экономикалық колледжінде кәсіби шеберлік «Мен кәсіби маманмын» облыстық сайысы өткізілді. Сайыс ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасынық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті. Бұл сайыстың мақсаты экономикалық мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби дайындық сапасын арттыру, болашақ мамандыққа деген шығармашылық қабілеттерін қолдау және заманауи жағдайда бәсекелестікке дамыту.

 

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

 

1 кезең  Қатысушылар өз-өзін таныстырады. "Менің мамандығым-болашаққа көзқарас"  атты бейнеролик.

 

2 кезең Экономикалық турнир. Kahoot (TeamKahoot) платформасындағы викторина.

 

3 кезең «Білгірлер» байқауы, «1С: Бухгалтерия бағдарламасында кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырманы орындау.

 

Сайысқа қатысушылар колледждердің экономикалық мамандықтарында оқитын студенттері болды.  

 

Қатысушыларды келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады:    

 

Қарағанды университеті ҚО орталығының директоры Сагайдак Евгений Александрович. Bank RBK филиалы директорының орынбасары Хозаев Арман Орынгазыевич. «СК КОММЕСК-Өмір» АҚ директоры Охоткина Ольга Георгиевна. «Уникод-КомСервис» ЖШС бас бухгалтері Тулекова Зарина Асылхановна. «Инмарт» ЖШС бас бухгалтері Урпекова Азель Гомаровна .

 

Сайыс аяқталысымен әділқазылар бір шешімге келіп, орындар былайша бөлінді: 

       

1 орын – Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенті Глаголев Михаил;

 

2 орын – Екібастұз ИнЕУ колледжінің студенті Каратаева  Дильназ; техника-экономикалық колледжінің студенті Стажкова  Ангелина;

 

3 орын  –Щарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Сыздыкова Виктория; Тереңкөл аграрлық-техникалық колледжінің студенті Видергольд  Татьяна.

 

Барлық жүлделі орын алған қатысушыларға білім беру Басқармасынан дипломдар таратылды.

 

«Низкоцен» ЖШС Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің әлеуметтік серіктестерінен сыйлықтар табыс етілді.

Автор: Колледж