« Мен кәсіби маманмын» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.
Күні: 2022-06-02 08:30:10
30.05.22 ж. Қазтұтынуодағының жоғары Павлодар экономикалық колледжінде кәсіби шеберлік «Мен кәсіби маманмын» облыстық сайысы өткізілді. Сайыс ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасынық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті. Бұл сайыстың мақсаты экономикалық мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби дайындық сапасын арттыру, болашақ мамандыққа деген шығармашылық қабілеттерін қолдау және заманауи жағдайда бәсекелестікке дамыту.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең Қатысушылар өз-өзін таныстырады. "Менің мамандығым-болашаққа көзқарас" атты бейнеролик.
2 кезең Экономикалық турнир. Kahoot (TeamKahoot) платформасындағы викторина.
3 кезең «Білгірлер» байқауы, «1С: Бухгалтерия бағдарламасында кассалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырманы орындау.
Сайысқа қатысушылар колледждердің экономикалық мамандықтарында оқитын студенттері болды.
Қатысушыларды келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады:
Қарағанды университеті ҚО орталығының директоры Сагайдак Евгений Александрович. Bank RBK филиалы директорының орынбасары Хозаев Арман Орынгазыевич. «СК КОММЕСК-Өмір» АҚ директоры Охоткина Ольга Георгиевна. «Уникод-КомСервис» ЖШС бас бухгалтері Тулекова Зарина Асылхановна. «Инмарт» ЖШС бас бухгалтері Урпекова Азель Гомаровна .
Сайыс аяқталысымен әділқазылар бір шешімге келіп, орындар былайша бөлінді:
1 орын – Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенті Глаголев Михаил;
2 орын – Екібастұз ИнЕУ колледжінің студенті Каратаева Дильназ; техника-экономикалық колледжінің студенті Стажкова Ангелина;
3 орын –Щарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Сыздыкова Виктория; Тереңкөл аграрлық-техникалық колледжінің студенті Видергольд Татьяна.
Барлық жүлделі орын алған қатысушыларға білім беру Басқармасынан дипломдар таратылды.
«Низкоцен» ЖШС Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінің әлеуметтік серіктестерінен сыйлықтар табыс етілді.