«Маркетолог күні»

Date: 2013-04-05 04:41:14
«Маркетолог күні»

 

 

2013 жылғы 4 сәуірде колледжде «Маркетолог күні» өтті.Шараға колледждің әлеуметтік әріптестері «Аманат»ЖШС-ның директоры В.Г.Каленчук, «Атриум» ЖШС ПФ-ның қызметкерлер жөніндегі менеджері С.А.сабирова, сондай-ақ арнайы пәндердің оқытушылары мен «Маркетинг» мамандығының І,ІІ,ІІІ курс оқушылары шақырылды.

 

 

 

 

 

 

 

Өткізу мақсаты:

-маркетинг бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға көмек көрсету;

-маркетологтың кәсіби қасиеттерін дамыту;

-мамандық пәндері бойынша алған теориялық білімін бекіту;

-жұмысқа деген шығармашылық бағытты қолдау;

-іскери жұмыс жасау мәдениетіне баулу;

-ойтанымын кеңейту;

 

 

Оқушы Степаненко Маргарита «Маркетолог» күнін кім және қашан тойлайды» тақырыбына презентация  дайындады.О.И.Макарова «Аманат»  ЖШС-ның директоры В.Г.Каленчук пен «Атриум» ЖШС ПФ-ның қызметкерлері жөніндегі менеджері С.А.сабированың қатысуымен «Бизнес-акулалар» ток шоуын өткізді.Ток-шоудың қорытындылары бойынша «Ең мықты интервью беруші», «Ең өзекті сұрақ» анықталды.

 

 

 

 

Боева Анастасия оқушылар арасында «Мен маркетинг туралы бәрін білемін» конкурсын өткізді.

 

 

 

 

Доценко Юлия мен Сухова Валентина «Қандаймыз-болашақ маркетологтар» («Маркетинг» мамандығының түлектері туралы) видео дайындады.Ең соңында екінші курс оқушылары Н.П.радионованың басшылығымен маркетологтың киім үлгілерін көрсетті.

 

 

Макарова О.И.