«Заңға құл болмай азат болмайсың»

Күні: 2013-05-20 10:39:56
«Заңға құл болмай азат болмайсың»

 

 

 

 Өмірің болсын десең сенің сәнді
 Ойланып, айналаңа қара мәнді.
 Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
 Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
 Салауатты мақсатың - өмір сүру,

 Өмірдің мағынасын керек білу.
 Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
 Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.


Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжінде 2013 жылдың 17-ші мамырында 2-04 Юк тобында,  Құқықтану пәндерінің оқытушылары Н.Ж.Ғаббасов, А.Д.Кизатова., «Қылмыстық құқық», «Мемлекет пен құқық теориясының негіздері» пәндері бойынша «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы», «Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп»  атты тақырыбында бинарлы шығармашылық  сабақ өткізді.

 

 

 

Сабақтың мақсаты:  Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын реттейтін заң нормаларының мазмұнын және оларды қолдану тәртібін түсіндіру.

Оқушыларды ізденіске жетелеу, оқығанын талдап, құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіптің  мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау, ой қорыта білуге, түйіндеуге дағдыландыру.

 

 

 

Сабақтың қонақтары болып Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Нұрбаева Салтанат Жұмабайқызы «Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығы»,  Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы  Кусанова Асель Джилейтқызы «Ювеналдық сот қызметінің негізгі бағыттары» тақырыптарында баяндама жасады.

 

 

 

Тақырып төңірегінде оқушыларға әртүрлі нысанында тапсырмалар ұсынылды, олар- пікірталас,  ұғымдық аппарат, ой жалғау, ситуациялық сұрақтар.

 

 

 

 

 

Осындай бинарлы сабақтардың негізгі міндеті жоғарыда аталған пәндердің арасындағы байланысты, қоғамдық тәртіпті нығайтудағы қылмыстық- құқықтық нормалардың ролін көрсету. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық, танымдық, талғампаздық  ойын арттыру. Жаңа және меңгерген материалдардың арасында байланыс орнату, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың негізгі себептерін анықтау. Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; адамгершілікке, елжандылыққа, мемлекетшілдікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Автор: Колледж