0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша дуалдық жүйеде оқыту .
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша дуалдық жүйеде оқыту .
Павлодар қазтұтыну одағы колледжінде белсенді түрде дуалдық жүйеде оқыту жүргізілуде.
Осыған байланысты колледж әкімшілігімен ауданаралық экономикалық сот жүйесімен және МБ «Павлодар облыстық департаментінің сот кеңсесімен», ММ Павлодар қаласының салық инспекциясымен, ММ Павлодар облыстық сот актілерін орындау Департаментімен, ЖШС «Казмультиэненргетика», АҚ«Цеснабанк»арасында дуалдық жүйеде өндірістен қол үзбей оқытуға келісім шарт жасалды. .
Колледждің «Құқықтану» мамандығының 3курс суденттері дуалдық жүйеде құрылған күнтізбе бойынша өндірістік тәжірибені Павлодар облысының сот жүйелерінде өткізді. Оқушылар тәжірибе барысында алған білімдерін еңбекпен тәжірибеде ұштастырып өздеріне көптеген тәжірибе алуда. Тәжірибеден өткендігін дәлелдейтін құжаттары мен мінездемелері толық түрде жинақталып мекеме басшыларының қолымен бекітілген.
Дуалдық жүйеде оқыту бүгінде әлемдік қолдауды көрсетіп отыр. Бұл жүйенің ең пайдалы жағы оқушылардың тәжірибе орындарына өздерін көрсетіп жұмысқа орналасуда көп пайдасы тиетіндігі және жаңа еңбек ұжымдарында жаңа маман ретінде студенттер өздерін еркін сезініп алған білімдерін еңбекпен ұштастыра білетіндігінде.
Құқық пәндерінің жоғары санатты оқытушысы Баданина М.А.