Жастар корпусының даму барысының жобасы

Date: 2017-05-11 05:37:19
Жастар корпусының даму барысының жобасы

Гранттық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі кезеңдері:

a) Қабылдайтын ұйымның іріктеуі бойынша конкурс.
a) Қатысу ережесін, өтінішті беру және жазуды түсіндірубойынша гранттық бағдарламаға ықтималды қатысушыларға арналған таныстыру сессиясы.
b) қабылдайтын ұйымның іріктеу жобалары және қаржыландыруға арналған жастардың ынталы тобы.
c) менторларды қолдау, өмірдегі маңызды дағдылары және жобаларды басқаратын, жобаларды іске асыратын, жас қатысушыларды оқыту.
d) жастар жобаларын іске асыру.
e) жобаларды орындау мониторингі және бақылау. Мәселелерді шешудің және кері байланыстың тетіктері.
f) жобаларды іске асыру бойындағы есеп берушілік.
g) гранттың жабылуы.

Жастардың гранттық бағдарламаға қатысуға мүмкіндіктері:

1. Өзінің күш-қуатын, өмірлік маңызды дағдыларды және лидерлік қасиеттерін, идеялары мен жобаларын іске асырылуын дамытуға қызығушылық танытатын, жастар.

2. жас қатысушыларға жобаны қаржыландыруға өтінім берудің 2 әдісі берілді: (i) қабылдайтын ұйым және (ii) жастардың өзіндік ынталы тобы арқылы.

3. әр жас қатысушы қабылдайтын ұйымға осы өңірдің географиялық деректеріне арнаған өзекті, қоғамдық саладағы тиімді істе өзінің жобасын көрсетуге немесе жобаны іске асыруға қатысуға құққығы бар.

Қабылдайтын мекемеге қатысуға арналған шарттары:

4. қабылдайтын мекеме болуға құқықты болатындар:
a) жастар ұйымы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңына сәйкес;
b) жарғы мақсатында жастарды қолдау және дамыту бойынша істер қарастырған, қоғамдық бірлестіктер түріндегі коммерциялық емес ұйымдар, қорлар, мекеме, заңды тұлғалар бірлестігі;
c) жарғы мақсатында жастарды қолдау және дамыту бойынша істер қарастырған, әлеуметтік жауапкершілік бірлескен бағдарламаны іске асыратын, жекеменшік мекемелер.
 
5. қабылдайтын ұйымға қойылатын талаптар (іріктеу белгілері):
a) жобаның өтінімін беру кезіне 1 жылдан кем емес мекеменің заңды тіркеуінің бары;
b) ұйым Павлодар, Қарағанды, Алматы немесе Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында жұмыс істеуі керек;
c) көрсетілген өңірлерде филиалдары бар, республикалық ұйымдар, филиалға қабылдаушы ұйым конкурсына қатысуға арналған ресми рұқсат қағазын көрсетулері керек;
d) берілген істің жарғы мақсатына және ұйымның ісінің жарғы ісіне сәйкестігі;
e) жастардың қатысуымен әлеуметтік жоба/бағдарламаны іске асыру саласындағы тәжірибенің бары;
f) ұйымда бухгалтердің және басшының бары;
g) салықтық және басқа да қарыздарының жоқтығы;
h) ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтында ықылассыз жеткізушілер тіркеуінде болмауы керек.
 
6. қабылдайтын мекеме келесі қызметтердің түрін көрсетеді:
a) жастардың әлсіз категориясының арасында гарнттық бағдарлама жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу;
b) жобалық өтінімді беру және дайныдау жөнінде ынталы жастар тобына ақыл-кеңестік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
c) жастарға әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру мақсатында жастар тобын қалыптастыруға қолдау көрсету;
d) жас қатысушылармен жобаларын іске асыру кезінде тәуекелділіктің ең аз болуы мақсатында күнделікті кездесулер өткізу;
e) жас қатысушыларға жобаларды іске асыру кезінде (өздерінің мүдделік мақсаттарын, мазмұнын және жобаны орындаушы құрамды  өзгертпеу)  қажетті көмек көрсету;
f) уақытында есеп берушілік көрсету мақсатында жобаларға жетекшілік ету;
g) жобаны орындау шеңберінде қаржылық операцияларды басқару;
h) жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық және қаржылық есептерді көрсету.

7. қабылдаушы ұйымдар жастар тобының атынан бірнеше жастар жобаларын ұсына алады, бірақ 7-ден артық емес. Жобалар басқа донорлар (ұйымдар) қаржыландыратын, ұйымдардың істерін қайталамауы керек.

8. қабылдаушы ұйымның қызметкерлері жастар тобының құрамында жобаны іске асыруға қатыса алмайды.

9. қабылдаушы ұйымдарға әр жоба бойынша грант беру туралы келісім шарттың сомасынан 15% мөлшерінде үстеме шығындарды жабуға өтемақы төленеді.

10. барлық қабылдаушы ұйымдармен үйлестіру агенттігі тараптардың өзара жұмыс істеу түрлері, құқықтары және міндеттері жалыған, ынтымақтасу жөніндегі Меморандум жасайды.